«Бұл жай ғана жаңалық емес» – Төреғали Төреәлі жетінші перзентінің дүниеге келуі туралы

8 сәуір, 2026 / Інжу Әлихан

Әнші Төреғали Төреәлі жетінші  перзентіне Мәриям есімін бергенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол аталған есімді нағашы атасы мен әжесі ұсынғанын атап өтті.

«Мәриям, қош келдің жарық дүниеге!

Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді.

Бұл – жай ғана жаңалық емес. Бұл өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі.

Толқында бұл жолы төртінші рет кесарь тілігі болды.

Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым.

Қызымды өз қолыммен қарсы алдым.

оңай емес. Бірақ сол бір Ота үстінде қарап тұру сәт... ол қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды.

Бұл – өмірдің қалай басталатынын көру. Бұл Алланың құдіретін көзбен сезіну.

Қызымыздың есімін Мәриям деп қойдық. Бұл есім жүрекпен қабылданған шешім.

Нағашы атасы мен нағашы әжесі екеуі ырымдап, осы атты ұсынды.», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, сәбидің кіндік әке-шешесі продюсері Жан Мұқанов пен оның жары болған.

«Ал кіндік әкесі мен кіндік шешесі — менің продюсерім Жан Мұқанов пен Асыл жеңгем болатын болды.

Бұл да сенім. Бұл да жақындық. Аллаға сансыз шүкір, анасы да, қызым да аман-есен.

Мәриям, сенің келуің мен үшін тағы бір белес. Мен енді тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын.

Жолың жарық болсын.

Өмірің нұрлы болсын.

Әкең әрдайым жаныңда.

19:00/07.04.2026», – деп толықтырды әнші.