Статистика: Қазақстанда 1,7 млн жеке кәсіпкер тіркелген

8 сәуір, 2026 / Інжу Әлихан
Istockphoto

1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 795,6 мың дара кәсіпкер тіркелген, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1% кем (1 814,2 мың бірлік), деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, олардың 1 732,8 мыңы – жұмыс істеп тұрғандар (жалпы саннан 96,5%).

Салалар бойынша дара кәсіпкерлер саны көтерме және бөлшек сауда саласында ең көп тіркелген – 667 мың бірлік (37,1%), сондай-ақ басқа қызмет көрсету  – 258,2 мың және ауыл шаруашылығында саласында – 249 мың бірлік. Дара кәсіпкерлер саны мемлекеттік басқару саласында ең аз – барлығы 151 бірлік.

Дара кәсіпкерлердің негізгі бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда шоғырланған – 35,5%. Дара кәсіпкерлердің көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында тіркелген: тиісінше 288,7 мың және 204,3 мың. Үштікті 196,2 мың дара кәсіпкері тіркелген Түркістан облысы  түйіндейді. Дара кәсіпкерлердің ең аз саны Ұлытау облысында – 16,1 мың бірлік.

Барлық тіркелген дара кәсіпкерлердің 39,1% иесі 35 жасқа дейінгі тұлғалар. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің үлесі – 50,4%.