Қостанай облысында құны 50 млн теңге болатын жер телімі қайтарылды

Бүгін, 11:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ұзынкөл ауданының прокуратурасы қадағалау жұмысы барысында Жер кодексінің талаптарын бұзып, ұзақ уақыт бойы жерді мақсаты бойынша пайдаланбаған жер пайдаланушыларын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қабылданған шаралармен кадастрлық құны 50,8 миллион теңге болатын 1183 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.   

Қайтарылған жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына енгізіледі және жер заңнамасына сәйкес шаруа (фермер) шаруашылығын жүргізу үшін азаматтарға қайта бөлінеді.  

Тэгтер:

Қостанай облысы жер телімі Жер учаскесі