«Медеу» паркімен шекаралас 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 09:46 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Алматы прокуратурасы «Медеу» өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қадағалау қызметі шеңберінде жалпы ауданы 288 га болатын 2 жер телімдері жеке меншікке заңсыз берілгендігі анықталды.

Даулы жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алуға жатпайды.

Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз дептапты.

Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 17 млрд теңгеден астам даулы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.