Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамдары жарияланды.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы ақша айырбастау орындарында доллар 463,07 теңгеден сатып алынып, 470,01 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы 534,91 теңге болса, сату құны 544,85 теңгеге жеткен.
Ресей рублі 5,87–6,17 теңге аралығында, ал қытай юані 67,46 теңгеден сатып алынып, 73,51 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллар 466,51 теңгеден қабылданып, 470,06 теңгеден сатылуда. Еуро 534,86–541,44 теңге аралығында бағаланған. Рубль 5,79–5,94 теңге аралығында саудаланса, юань бағамы 67,47–70,44 теңге шамасында қалыптасқан.