Иранның Жоғарғы көшбасшысы ауыр халде жатыр – шетелдік БАҚ

Бүгін, 23:32 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Британияның беделді The Times басылымы АҚШ пен Израиль барлау қызметтерінің мәліметтеріне сүйене отырып, Иранның Жоғарғы көшбасшысы Мұжтаба Хаменеидің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дереккөздердің мәліметінше, ол қазіргі уақытта Иранның діни орталықтарының бірі саналатын Құм қаласында ем қабылдап жатыр және мемлекеттік шешімдер қабылдауға қабілетсіз күйде.

Бұл – Хаменеи орналасқан жер туралы ақпараттың алғаш рет ашық жариялануы. Бұған дейін Reuters агенттігі оның соғыстың алғашқы күндеріндегі әуе шабуылдары кезінде жарақат алғанын хабарлаған еді.

Сол шабуыл барысында оның әкесі Әли Хаменеи, сондай-ақ отбасының бірнеше мүшесі қаза тапқаны айтылған. Осы оқиғадан кейін Жоғарғы көшбасшы көпшілік алдына шықпаған. Тіпті оның алғашқы мәлімдемесін мемлекеттік телеарна жүргізушісі оқып берген.

Ал Иран билігі бұл ақпараттарды жоққа шығарып, соңғы күндері көшбасшының "тірі және денсаулығы жақсы" екенін мәлімдеуде. Ресейдің Ирандағы елшісі де оның ел аумағында екенін растағанымен, нақты себептермен жұрт алдына шықпай отырғанын жеткізген.

Тэгтер:

көшбасшы иран