Ақтөбедегі облыстық әкімдік ғимаратынан өрт шықты (ВИДЕО)

7 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Ақтөбе қаласында облыстық әкімдік ғимаратында өрт шығып, адамдар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы 7 сәуір кешінде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, өрт Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырынан шыққан.

Оқиға орнына ТЖД жедел түрде жеткен.

"Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрт сөндіру оқпандары беріліп, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілген. Адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр", – делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті толық сөндіру шаралары қолға алынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Тэгтер:

Ақтөбе Әкімдік