Қоян атып алған: Қаруды заңсыз сақтаған аңшыға айыппұл салынды

Бүгін, 17:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданының соты қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісі бойынша аудан тұрғынына қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, азамат Ж. түнгі уақытта, ерекше қорғалатын табиғи аймақтың аумағында заңсыз аң аулау кезінде ұсталды. Тексеру барысында 2 аңшылық мылтық пен 6 оқ-дәрі және көліктің жүксалғышынан 1 атылған жабайы қоян табылды.

Сотта Ж. кінәсін толығымен мойындап, соттан оны қатаң жазаламауды сұрады.

Сот жауапкердің мүліктік жағдайын, кінәсін мойындауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл сомасын 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 51 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Айыппұл аңшы аң қоян