Балуан Алматбек Аманбек Азия чемпионатының финалына шықты

Бүгін, 16:56 / Алуа Арман
olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Алматбек Аманбек Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Финалға шығу үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан қырғызстандық Амантура Исмаиловтан басым түсті.

72 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалдық белдесу 3:1 есебімен біздің спортшының пайдасына аяқталды.

Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Ербол Камалиев жартылай финалда солтүстік кореялық Се Ун Риге мерзімінен бұрын есе жіберді. Енді ол қола жүлде үшін белдеседі.

Тэгтер:

Балуан Азия чемпионаты финал Алматбек Аманбек