Прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде Павлодар облысының Аққулы ауданының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан астам полигоны анықталды. Олардың ешқайсысында қоршаған ортаға эмиссия шығаруға рұқсаты болмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Экологиялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздіктер анықталды, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттаманың жоқтығы, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу үшін жинақталған қалдықтардан түзілетін фильтрат пен ағын суларды бақылау жүйесінің жолға қойылмағаны белгілі болды.
Өздігінен пайда болған полигондар қоқыс газының шығарындыларын бақылау жүйесімен жабдықталмаған.
Анықталғандай, олар коммуналдық қалдықтарды бақылаусыз орналастыру салдарынан пайда болған.
Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілмеген.
Нәтижесінде сегіз ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылық қатартылды.
Жалпы сомасы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұлдар төленді.