Иранда 137 әйел президент сайлауына түскісі келеді
Иранда 137 әйел президент сайлауына түскісі келеді
Арнайы арбамен жүретін 73 жастағы Азам Талегани 19 мамырда Иранда өтетін президент сайлауына тіркелу үшін ішкі істер министрлігінің ғимаратына келді.
1997 жылы Азам Талегани редактор болып тұрған кезінде әйелдер құқығын қорғаушы ретінде тарихқа енген. Ол кезде Талегани 53 жаста болатын. Ол - елдегі президент сайлауына үміткер ретінде тіркелген Иран тарихындағы бірінші әйел. Оның президент сайлауына түсудегі мақсаты Ислам республикасында әйелдерге қатысты теңсіздікті көрсету еді.
Азам Талеганиға не 1997 жылы, не 2009 жылы президент сайлауына үміткер ретінде қатысуға мүмкіндік бермеді. Тіптен не үшін тіркемегенін де түсіндірмеген. Енді бұл жолы сайлауға қатысуға арыз берген 137 әйелдің ішінде Талегани өзін тағы да тіркемейді деп ойлайды.
"Иранда әйелдер халықтың 50 пайызын құрайды. Елде ең болмағанда бір әйел-үміткер болуға тиіс",- дейді Азам Талегани немістің DPA агенттігіне берген сұхбатында.
Азам Талегани атақты діни қызметкер болған Махмуда Талеганидың қызы.