Талдықорғанда полицейлер бопсалаушылар тобының әрекетін тоқтатты. Қаланың 19 жастағы екі тұрғыны таныстарын күш қолданамыз деп қорқытып, өз атына микронесиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыстық жоспар 2024 жылдың күзінен бері жұмыс істеген. Жәбірленушілер несие рәсімдеп, алынған қаражатты күдіктілерге берген.
Тергеу мәліметінше, 6 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген шығын 2 млн теңгеден асты.
Қазір күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Құқық қорғау органдары ескертеді: кез келген қысым көрсету немесе бопсалау фактілері орын алған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тұрақты бақылауда.