Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:53 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

7 сәуірде Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Теміртау, Қарағанды, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.