Танымал әнші Мақпал Жүнісова Маңғыстауда өткен жеке концертінде күтпеген оқиғаға куә болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Концерт барысында көрермендердің бірі сахнаға шығып, өнер иесіне өз сезімін ашық жеткізген.
"Сізді көру – менің көптен бергі арманым еді. Сізге ғашық болып қалдым", – деген ол.
Кейін белгілі болғандай, ер адам әншімен жасты екені анықталған.
Одан соң ол Мақпал Жүнісованы вальс биіне шақырған.
Алайда әнші бұл ұсынысты сыпайы түрде қабылдамай, бас тартқан.