Әлемдегі ең қысқа марафон: АҚШ-та 10 метрлік жарыс өтті (ВИДЕО)

Бүгін, 01:00 / Ербұлан Қайрат

АҚШ-тың Висконсин штатында ерекше форматтағы жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Сөре мен мәренің арақашықтығы – небәрі 10 метр. Бұл шара Әулие Патрик күні аясында өткізілген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараны жергілікті радиостанция ұйымдастырған. Жарыстан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

Форматы да әдеттегі марафондардан мүлде өзгеше. Мұнда медаль немесе рекорд жоқ. Оның орнына қатысушыларға естелік футболка мен арнайы купон беріледі. Бұл купонды барда «сыйлыққа» айырбастауға болады.

Қашықтық небәрі 10 метр болғанымен, шараның басты мақсаты – спорттан гөрі көңіл күй мен игі іске үлес қосу. Ұйымдастырушылар қозғалыс, көңілді атмосфера және қайырымдылықты біріктіріп, ерекше формат ұсынған.

Тэгтер:

АҚШ марафон