ШҚО-да 3 жұмысшы кәріз құдығында улы газға уланып қалды

Бүгін, 16:40 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылында кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде үш жұмысшы газбен уланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Глубокое ауданы ТЖБ бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов оқиға орнына бірінші болып келіп, құдықтан екі зардап шеккенді шығарды. Тағы бір ер адам өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған.

Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.