Атыраудағы балабақшада ағаш сөре балалардың үстіне құлаған (ВИДЕО)

Бүгін, 15:43 / Інжу Әлихан
Скриншот

Атыраудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде ойын кезінде тәрбиеленушілердің үстіне ойыншықтарға арналған сөре құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz Atyrauoil Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Балабақша меңгерушісі Әсемгүл Галиеваның айтуынша, оқиғадан кейін барлық балалар дереу тексеру үшін травмпунктке жеткізілген.

Оның сөзінше, екі бала қазірдің өзінде балабақшаға қайта оралған, ал үшіншісі уақытша келмей жүр. Оған жұмсақ тіндердің соғылуы диагнозы қойылған.

– Оқиға ойын кезінде болды – екі бала дөңгелекті жылжымалы шкафқа шығып кеткен, соның салдарынан ол аударылып қалған. Барлық кемшіліктер жойылды. Ата-аналардан кешірім сұраймыз, – деді меңгеруші.

Әкімшілік мәліметінше, балабақша 75 орынға шақталғанымен, қазіргі таңда онда 50 бала тәрбиеленуде. Топта 18 бала бар, оларға бір тәрбиеші мен екі ассистент қарайды.