Павлодарда мысықты талдан түсірмек болған ер адам көз жұмды

Бүгін, 15:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысында мысықты талдан түсірмек болған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Орталық өндірістік аймақта мысықты талдан түсірмек болып құлаған ер адам көз жұмды», – деп мәлімдеді Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Марқұмның жасы 50-де болған.

Әртүрлі сынықтармен және травматикалық шок жағдайында жедел жәрдем бригадасы оны Павлодар қаласындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізген, алайда ол сол жерде қайтыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам алты метр биіктіктен құлаған.

Тэгтер:

Павлодар мысық ағаш тал