Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 12:20 / Алуа Арман
olympic.kz

Бүгін, 6 сәуірде Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрлық біріншілігінде алғаш болып грек-рим күресінің балуандары белдесті.

87 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Отандасымыз ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Сынхванды сенімді түрде жеңді. Белдесу 7:1 есебімен аяқталды.

 

Тэгтер:

Балуан Азия чемпионаты жартылай финал грек рим күресі Нұрсұлтан Тұрсынов