Жаңалықтар

Алматыда жұмыс орындары жәрмеңкесі енді мешіттерде өткізілмек

ашық дереккөзі

Алматыда жұмыс орындары жәрмеңкесі енді мешіттерде өткізілмек

Алматының Орталық мешітінде қаладағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Керімқұл Жекетаевтың Азаттыққа айтуынша, жәрмеңке жұмада мешітке келушілер қарасы көп болатындықтан әдейі осы күні ұйымдастырылған. Оның сөзінше, жәрмеңкеде көбінесе фирмалар мен компаниялардан, жеке ұйымдардан 1200-ге тарта бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Ресми мәліметке сай, қалада 48 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Ол бұған дейінгі жәрмеңкелерде 260 адам жұмысқа орналасқанын, жәрмеңкенің енді әр жұма сайын қаладағы аудандардың ірі мешіттерінде өткізілетінін айтты. Жәрмеңкеде негізінен қызмет көрсету салаларындағы тазалықшы, вахтерші, күзетші сияқты жұмыстар ұсынылған. Бос жұмыс орындары арасында экономист, бухгалтер, IT саласына қатысты кәсіби білімді талап ететін жұмыстар да бар. Жәрмеңкені қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалының және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастырған.