Цифрлық экожүйелер: Алматыда Kursiv Ecosystems Forum 2026 өтеді

Бүгін, 11:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Kursiv Media еліміздегі цифрлық экожүйелердің дамуына арналған екінші ауқымды іс-шара – Kursiv Ecosystems Forum 2026 форумын өткізеді. Форум 2026 жылдың 17 сәуірінде Алматы қаласында өтеді. Форумда бизнес өкілдері, сарапшылар мен нарық қатысушылары бәсекелестік, реттеу, жасанды интеллект (AI) және Қазақстандағы суперапптардың болашағын талқылайды.

«Цифрлық экожүйелер әрбір қазақстандықтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналып қана қоймай, жаңа трендтерді қалыптастырып, экономикалық шынайылықты тудырып жатыр», – дейді Kursiv Media бас директоры Анастасия Новикова. – Бүгінде бұл салада Freedom, Kaspi.kz, Halyk Group және Forte сияқты қаржылық негізі бар ірі ойыншылармен қатар, маркетплейстер де қарқынды дамып келеді. Дегенмен отандық компаниялар жаһандық алпауыттардың бәсекесіне және мемлекеттік реттеудің қатаңдауына тап болып отыр. Нарық ойыншылары жаңа сын-қатерлерге қалай төтеп бермек? Kursiv Ecosystems Forum 2026 Қазақстандағы экожүйелік модельдің даму бағытын айқындайтын ашық пікір алмасу алаңына айналады.

Форум fireside chat форматында өтеді және үш бөлімнен: пленарлық сессия мен екі панельдік пікірталастан тұрады. Мұндай формат ресми баяндамалардан гөрі, шынайы сұхбатқа құрылған. Мұндағы модератордың басты мақсаты - спикердің жай ғана ұстанымын емес, оның нарықтағы процестер туралы терең пайымын ашу.

«Қазақстанның цифрлық экожүйелері: Үстемдік пе, әлде әртараптандыруға бағыт па?» атты пленарлық сессияда қатысушылар экожүйелерді реттеу тетіктері қандай болуы керек, нарықты өзгертіп жатқан басты трендтер қайсы, Қазақстанда серіктестік модельдерін құру мүмкін бе, экожүйелер жасанды интеллект дәуіріне қалай бейімделуде, еліміз қай цифрлық сервистерді экспортқа шығара алады деген мәселелерді талқылайды. 

Пікірталасқа қатысатыны нақтыланған спикерлер:

Қатысады деп күтіліп отырған спикерлер қатарында Kaspi.kz бас атқарушы директорыМихаил Ломтадзе мен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин бар. Сессия модераторы – Kursiv Research жетекшісі Сергей Домнин.

«SuperApp 3.0: «Иконкалардың» жойылуы және ЖИ-агенттердің дәуірі» атты алғашқы панельдік сессия цифрлық платформалардың дамуының жаңа кезеңіне арналады. Қатысушылар төмендегі мәселелерді ортаға салады:

  Сессияға қатысатын нақты спикерлер:

Сондай-ақ Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов те қатысады деп күтіліп отыр.

«Цифрлық супермаркеттердің бизнес-процестеріндегі ЖИ: Жасанды интеллектіні енгізіп, «адамилықты» қалай жоғалтпауға болады?» атты екінші панельдік сессия жасанды интеллектіні практикалық қолдану мәселелеріне арналады. Талқыланатын тақырыптар – ЖИ-дің сервистерге ену тереңдігі, клиенттік тәжірибенің өзгеруі, бизнес, мемлекет және ЖИ арасындағы іс-қимыл, сондай-ақ дата-орталықтар экономикасы.

Сессияға қатысатын нақты спикерлер:

Форумның бас серіктесі –Kaspi.kz. Ресми серіктесі – OZON.

Өтетін уақыты: 2026 жылғы 17 сәуір, 12:00-18:00 Өтетін орны: Алматы қаласы, The Ritz-Carlton Almaty

Қатысу тегін. Дәл қазір тіркеліңіз!

Спикерлердің толық тізімі және форум бағдарламасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Ақпараттық серіктестер: 

 

Тэгтер:

цифрлық экожүйелер