Ақтауда жер сілкінісі болады деген жалған ақпарат тарады

Бүгін, 09:23 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде Ақтау қаласында алдағы уақытта жер сілкінісі болады деген бейнематериал жарияланған. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында tiktok желісінде Ақтауда жер сілкінісі болады деген бейнематериал анықталды. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталмаған және шындыққа жанаспайды.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл ақпарат жалған, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

«Мұндай ақпараттар халықты үрейлендіріп, қоғамда негізсіз дүрбелең туғызады және жалған ақпарат тарату болып табылады», - деді жауапты орган өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желілерде жарияланған тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді және күмәнді материалдарды таратудан аулақ болуды сұрайды.

Тэгтер:

Ақтау