Қызылордада автокөліктің есігі құлыпталып, ішінде 3 жастағы бала қалып қойған. Құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Сол жағалау шағын ауданындағы дүкен маңында болған.
Хабарлама бойынша жедел оқиға орнына жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қолда бар құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, баланы ата-анасына тапсырды.
Бала зардап шеккен жоқ.
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.