Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 05:55 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

6 сәуірде Теміртау, Қарағанды және Астана қалаларында, түнде Атырау, Қостанай және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.