Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Мысырдың Каир қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Жүлделер ат үстіндегі жаттығулар бағдарламасында бұйырды. Финалда Зейнолла Ыдырысов 14,566 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.
Осы бағдарламада Нариман Курбанов та 14,566 ұпай көрсетіп, қола жүлдегер атанды.
Ал алтын медаль 14,800 ұпай жинаған армениялық гимнаст Гамлет Манукянға бұйырды.