Камбоджада егеуқұйрыққа ескерткіш қойылды

5 сәуір, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Камбоджада мина іздеумен танылған Магава атты егеуқұйрыққа ескерткіш қойылды, деп хабарлайды 24KZ.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Магава 2022 жылы қызметін аяқтаған. Ол қызмет барысында 100-ден астам минаны анықтап, мыңдаған адамды ажалдан арашалап қалған.

Магава арнайы дайындықтан өтіп, жер астындағы миналарды табуға үйретілген. Жеңіл болуының арқасында егеуқұйрық жарылғыш құрылғылардың үстімен еркін қозғалады.

Телеарнаның мәліметінше, Камбоджада әлі де жер астында жатқан мина көп.