Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылып қалды. Салонда 50 адам болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына дереу жетіп, көмек көрсетуге кірісті.
ТЖМ-нің Қазавиақұтқару әуе кемесімен зардап шеккен үш адам Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді.
Сондай-ақ ТЖМ күштерімен жедел жәрдем дәрігерлері мен ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының мамандарының сүйемелдеуімен вахталық көлікпен 30 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деңгейде, – деп мәлімдеді министрлік.
Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ» ТМСП, Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару, жедел медициналық жәрдем бригадалары және полиция жұмылдырылды.
Ведомство мәліметінше, жағдай ТЖМ бақылауында.