Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Муминамен бірге түскен суретін жариялап, алдағы тойға ишара жасады.
«Тойға киетін көйлек алып, дайындала бересіздер ау», – деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушыларының кейбірі әншінің бұл шешімін сынға алып, түрлі пікір қалдырған.
Олардың арасында: «Тұқымың майдаланатын болды», «Өзің ұзын бойлы жігітсің, бойы ұзын қыз табылмады ма, жарасымды жұп емес» деген сыни көзқарастар да болды.
Өз кезегінде Жігер Ауыпбаев мұндай пікірлерге жауап беріп, ойын ашық жеткізді.
«Тұқымның майдаланғаны бойдың қысқалығына байланысты емес, мүмкін ойдың қысқалығында. Тұқымға күмәніңіз болмасын», – деді ол.
Желіде әншінің бұл жауабы қызу талқыланып жатыр.