Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 17:58 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, құрлықтық біріншіліктің ширек финалында жеңіске жетті.

1/4 финалда ол Қытай өкілі Ханя Сюэчженьді 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша Сағындық Тоғамбай кем дегенде қола жүлдені өз еншісіне жазды.