«Тұрсынбекті таппай жатырмыз»: Уәлибек Әбдірайымов Қабатовқа іздеу салғанын айтты (ВИДЕО)

4 сәуір, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Уәлибек Әбдірайымов концерт барысында әріптесі Тұрсынбек Қабатов туралы күтпеген мәлімдеме жасап, оның екі күннен бері табылмай жатқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мөлдірді білетін шығарсыздар? Бірақ қазір Айман деген де келін бар... Сіздерден қатты ұят болып тұр. Екі күн болды... Тұрсынбекті таппай жатырмыз. Негізі бұл күлетін жағдай емес. Байың жоқ болып кетсе, күлетін нәрсе ме?» – деді ол.

Сондай-ақ, Уәлибек Әбдірайымов әзілкешті іздеу қиынға соғып жатқанын жеткізді.

«Іздейтін жерді іздейін десем, ол жақты іздеудің керегі жоқ екен. Содан екі күннен бері жоқ адамды табу мүмкін емесін айтқымыз келеді. Тұрсынбекті өз әйелі таппай отырғанда, мен қайдан табайын? Айтыңыздаршы?» – деді ол.