Алматыда тәртіп бұзғаны үшін ұсталған жасөспірімдер ел аумағынан шығарылды

Бүгін, 19:22 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматыда қоғамдық орындарда тәртіп бұзғаны үшін ұсталған шетел азаматтары сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот қаулысымен оларға қатысты ел аумағына қайта кіруге тыйым салу және мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылданды.

Олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.