Танымал әнші Жазира Байырбекова тойдан кейінгі отбасындағы қызықты сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі жаңа түскен келіні Асылыға қатысты өз ұстанымын айтып, оған қоятын талаптарын да жасырмады. Сондай-ақ әнші келін түсіргендегі әсерімен бөлісті.
«Керемет сезім. Тек Аллаға шүкіршілік айтумен болдым. Ұлымыз туғаннан үйлендірсек деп армандадық қой. Баламыз 18-ге қалай толады, бірден үйлендіреміз дегенбіз. Ол кезде Асылы мектеп оқып жүрген», – деді ол.
Әншінің айтуынша, келініне үй шаруасына қатты талап қоймайды.
«Үйде орамал тақпай-ақ қой, ауылдан қонақтар келгенде тағасың. Күнде сәлем салмай-ақ қой. Басқа жақтан келгенде салсаң болады дедім. Біз де, олар да қыдырмпазбыз. Үй шаруасына да онша салып жатқан жоқпын. Қабілеті бар, үш тіл біледі, одан да сырттың жұмысымен айналыссын деймін. Қазыбек екеуінің кәсіптерін істесін деймін», – деді әнші.
Сонымен қатар, ол орамал тағу мәселесіне қатысты да пікір білдірді.
«Үйде орамал тақса, далаға шығатын кезде шаш басылып қалады. Тақпай-ақ қойсын десем, папасы жұқа орамал жоқ па дейді. Себебі өзім де білемін ғой. Бұрын орамал таққан кезде сыртқа шығайын десең, шашың жатып қалатын», – деп түсіндірді Жазира Байырбекова.