"Бәрін бір Жаратқанға тапсырдым": Актер Асқар Жұмабек даулы оқиғадан кейін тосын пікір айтты

Бүгін, 22:46 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден. Суретте: Асқар Жұмабек

Белгілі актер Асқар Жұмабек әлеуметтік желідегі парақшасында даулы оқиғадан кейінгі ішкі күйі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жұртшылықтың пікірлерін оқып шыққанын айтып, болған жағдайға қатысты өз шешімін жеткізді.

"Ойлана келе, бір шешімге келдім, сіздердің барлық жазғандарыңызды оқыдым, көрдім! Ит мені тістеді екен деп, мен де барып итті тістесем, менің ол иттен айырмашылығым не? Бәрін бір Жаратқанға тапсырдым, осымен бұл жағдайды өзім үшін жаптым. Даттаған жандарға да, мақтаған жандарға да рақмет. Аман жүріңіздер, Қазақ халқы", – деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде актердің қызбен жанжалдасқан видеосы тараған болатын. Осыдан кейін ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалған.

Тэгтер:

Актер Асқар Жұмабек