"Туған әпкемнен айрылдым": Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі жан сырын ақтарды

3 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, қазіргі жағдайы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жазбасында өмірінің күрделі кезеңін бастан өткеріп жатқанын айтып, қиындықтарға қарамастан сабыр сақтауға шақырды.

"Қазір бәріңізді оқып шығып жатқан болып жатырмын қайталап… қиналып жүрген немесе қиындықтан өтіп сынбай жүрген әйел қауымы көп екенсіздер. Бірақ бастарыңыз аман болсыншы, балаларыңыз сап-сау, жақындарыңыз дін аман. Ерекше баламен күн, түн демей табан тоздырып жүрген аналар да бар. Қазір менде таң атады, кеш батады бітпейтін ойлармен алысып адам санатында жүріп жатырмын. Туған әпкемнен, жақын таныс кісімнен айырылып… Балаларым алаңдатып, көңілімді аулап отыр. Дәл қазір Аллаға сеніңіздер, алары болса, берері де бар болғай", – деп жазды ол. 

Сонымен қатар ол Шавкат Рахмоновтың шыққан тегі туралы да қысқаша мәлімет берді.

– Қазақ. Ата-бабалары Арал өңірінен, Кіші жүздің Әлім руынан, – деп жауап берді Гүлайым Рахмонова.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов Гүлайым Рахмонова