Түрмеде тоғысқан тағдырлар: Абай облысында сотталғандар заңды некеге тұрды

Бүгін, 16:23 / Алуа Арман
polisia.kz

Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде 37 жастағы ер адам мен 39 жастағы әйел ресми түрде некеге тұрды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар жазасын өтеу барысында танысқан. Әйел алаяқтық, ал ер адам тонау фактісі бойынша сотталған. Мекемеде олардың арасында өзара түсіністік пен қолдауға негізделген қарым-қатынас қалыптасып, уақыт өте келе некелерін заңдастыруға шешім қабылдаған. Мекеме қызметкерлері қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектескен.

Сотталған әйел бұл некені жаңа өмірге бастар мүмкіндік ретінде бағаласа, ер адам болашақта түзеліп, мықты отбасы құруға ниетті екенін жеткізді.

 Мекеме бастығының орынбасары Рустем Берлібековтың айтуынша, сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мен олардың байланыстарын сақтау — жүйенің маңызды міндеттерінің бірі. Осындай қадамдар олардың заңға бағынатын жаңа өмір бастауына ықпал етеді.

Тэгтер:

Түрме Абай облысы Әйел неке Сотталушы ер абақты некелесу темір тор тағдыр