Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Бүгін, 12:39 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы жұптық сында Италия теннисшісі Элизабетта Коччареттомен бірге өнер көрсетуде.

Ширек финалда олар Грузия өкілі Екатерина Горгодзе мен Мексика спортшысы Рената Сарасуадан құралған жұпты үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді. Қорытынды есеп - 3:6, 7:5, 10:7.

Финалға жолдама алу үшін Путинцева мен Коччаретто америкалық Кэтти Макнелли және Дезире Кравчикпен кездеседі.