«Тұнжырап қалған сәтте Мөлдірдің көңілін аулады»: Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Бүгін, 06:15 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Журналист Ербол Мәндібек танымал әнші Қайрат Нұртас туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өнер иесінің адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өткен.

«Қайрат Нұртасқа ризамын. Қашан да адам көңіліне қарап жүреді. Кеше Жазира мен Жанболаттың тойында жұрттың бәрі жұп-жұбымен билеп елеріп жүрді. Айтпағым бұл емес.

Тұрсынбек жездем сатқындық жасап кеткен, менің Мөлдір Мұқан апам жалғыз өзі тұнжырап қалған сәттер болды. Сондай кезде топ ішінен қара үзіп Қайрат ғана апамның көңілін аулады. Нағыз ер азаматқа тән қасиет.

Сын сағатта қолдау жасау, әсіресе әйел адамның көңіліне қарау нағыз ер жігітке тән мінез. Шоу бизнес әлемінде достыққа берік екі адам болса соның біреуі дәл осы Қайрекең.

Сөз жоқ, Мөлдір өте мықты әйел. Тұрсынбексіз де аяғына тік тұрды.

Ал оған осылай қолдау жасау, көңіліне демеу болу одан сайын жігерлендіреді. Бала-шағасын ешкімнен кем қылмай, жеткізсем деп шапқылап жүр. Иман, тәрбие, адалдық атты қасиеттер көз жанарында жазылып тұр. Ең бастысы, өзі сияқты жалғызбасты әйелдерге мотивация мен үлгі беріп келеді.

Сондықтан, Торғайдың текті қызына тек сәттілік тілеймін.
Ал Қайрат Нұртас қазақ эстрадасында өнерді ғана емес отбасылық құндылықты дәріптеп жүрген үлкен азамат.

Бес баланың әкесі. Жан-жағындағы достарына да көңіл бөліп, дарқан мінезін көрсетіп келеді. Менің ойымша, Қайрат та, Мөлдір де қазіргі қазақ өнерінің өнегелі тұлғалары. Аман болыңыздар!» — деді ол.