Қазақстанмен шекаралас Қытай өңірінде қауіпті вирустың жаңа түрі тіркелді

2 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

Қытайдың Синьцзян өңірі мен Ганьсу провинциясында SAT1 типті аусыл вирусымен малдың 200-ден астам жұқтыру жағдайы анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл – Қытай аумағында аталған штаммның алғаш рет тіркелуі. Мамандардың айтуынша, елде қолданылып жүрген вакциналар бұл вирусқа қарсы тиімсіз болып отыр.

Қытай билігі індеттің таралуына жол бермеу үшін вирусты жұқтырған малды жою менаумақтарды залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті.

Жағдайдың күрделенуіне вирустың өте жұқпалы әрі тез таралуы әсер етуде. Айта кетейік, 2025 жылы бұл індет Африкадан тыс аймақтарға тарап, Батыс Азия елдеріне дейін жеткен.

Тэгтер:

Қазақстан Қытай Вирус аусыл