Айға аттанған экипаж мүшелері күтпеген қиындыққа тап болды

2 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Айға бағытталған "Артемида-2" миссиясы кезінде экипаж мүшелері күтпеген техникалық қиындыққа тап болды. Ұзақ сапар барысында зымыран ішіндегі дәретхана істен шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Space.com мәліметінше, ақау қарапайым көрінгенімен аса маңызды жүйелердің бірі – дәретханада тіркелген. 10 күндік ұшуға есептелген құрылғы әуеге көтерілген сәттен кейін көп ұзамай сынып қалған.

NASA өкілдерінің айтуынша, мәселе зәр жинау жүйесіне байланысты болған. Дегенмен құрылғы толық істен шықпаған: ғарышкерлер оны қатты қалдықтар үшін пайдалана алған, ал басқа қажеттіліктерді балама тәсілдермен шешкен.

Экипаж бірнеше сағат бойы Жермен байланыс арқылы ақауды жөндеумен айналысып, ақыры жүйені қалпына келтірді.

NASA дерегінше, қазіргі уақытта ғарышкерлер төрт сағаттық демалысқа кеткен. Одан кейін олар орбитаның ең төменгі биіктігін арттыруға арналған келесі кезеңге дайындықты жалғастырады.

Тэгтер:

ай дәретхана зымыран NASA