Боксшы Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

2 сәуір, 2026 / Алуа Арман
olympic.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кезекті жарыс күні шаршы алаңға Ертуған Зейнуллинов шықты.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тайпей өкілі Ю Линмен жұдырықтасты. Нәтижесінде Ертуған айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Осылайша Ертуған Зейнуллинов ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов ширек финалға өткен еді.

Тэгтер:

боксшы Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионаты ширек финал