Атырауда жер астындағы газ құбырларын ұрлағандарға үкім шықты

Бүгін, 10:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау облысының тұрғындары алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен «QazaqGaz Aimaq» АҚ-на тиесілі жерасты газ құбырларын ұрлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік компанияға келтірілген шығын көлемі 3,4 млн теңгеден астам соманы құрады.

Бірінші сатыдағы сот үкімімен кінәлілер әртүрлі мерзімдерге, оның ішінде шартты түрде және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған.

Жәбірленушінің азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Апелляциялық саты сотымен үкім өзгертіліп, ұрланған мүліктің АҚ-ға тиесілігі туралы бөлігі алып тасталған. Азаматтық талап арызды қараусыз қалдырып, мемлекеттік компанияның залалды өтету құқығынан іс жүзінде айырған.

Прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша сот актілерінің бұл бөлігінің күші жойылды.

Кассациялық сот азаматтық талап арызды тек мүлік иесі ғана емес, сонымен қатар мүлікті заңды негізде иеленіп отырған АҚ бере алатынын көрсетті.

Сотталғандардан «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның пайдасына ортақтасқан тәртіппен 3,4 млн теңге материалдық шығын өндірілді.

Тэгтер:

Атырау ұрлық Газ құбыры