Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті. Ол 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жеке мәліметтері:
Жасы – 13-те. Бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі орташа. 7-сынып оқушысы
Киімі:
Қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім киген.
Қазі полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына хабарлауды сұрайды.
Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бейжай қалмауға шақырады.