Танымал әнші Әділ Сламхан ауруханаға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесіне ота жасалғаны белгілі болды. Жағдайын оның жұбайы Дана Маханбаева әлеуметтік желіде айтты.
Оның сөзінше, әншінің біраз уақыттан бері белі ауырып, грыжа мазалап жүрген. Осыған байланысты дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдаған.
Қазіргі таңда Әділ Сламханның жағдайы тұрақты, ол орнынан тұрып жүрген көрінеді.
"Қазір Аллаға шүкір, орнынан тұрып жүр. Алла шипасын беріп, тез сауығып кетсін", – деп жазды жұбайы.