Әзілкеш Нұрлан Сабуров Қытайда күтпеген жағдайға тап болды

1 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
vk.com/nurlan.saburov. Суретте: Нұрлан Сабуров

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың 4 сәуірге жоспарланған Шанхайдағы концерті белгісіз себептермен кейінге шегерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

SHOT мәліметінше, Сабуровтың Қытайда тағы екі концерті жоспарланған. Бұл шаралар 2 сәуірде Гуанчжоуда және 3 сәуірде Бейжіңде өтуі керек. Алайда олардың да өтуі әзірге белгісіз, концерттердің өтпей қалу қаупі бар.

Шанхайдағы соңғы концертке билеттер әлі сатылымға шықпаған. Бұл ретте шоуға небәрі екі күн қалғаны айтылуда. Бұған дейін Нұрлан Сабуровтың стендап концерттеріне билеттердің бағасы 5600-ден 20 мың рубльге дейін (шамамен 33 мыңнан 117 мың теңгеге дейін) болған.

Еске салайық, бұған дейін комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.

Тэгтер:

әзілкеш Нұрлан Сабуров