Ақтөбе облысында жол жабылды

Бүгін, 17:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 1 сәуір сағат 23:00-де республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 56-шақырымындағы теміржол өткелінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, аталған жолдың 5-89 шақырым аралығындағы учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Жолды 2026 жылғы 2 сәуір сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

 

Тэгтер:

ауа райы Ақтөбе облысы автожол жол тасжол трасса