Таза Қазақстан: Өскеменге жаңа заманауи электробустар жеткізілді

Бүгін, 13:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Өскеменге жаңа заманауи электробустар әкелінді. Бұл – «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгінде көліктің басым бөлігі дизель отынымен жүреді, бұл өз кезегінде ауа сапасына кері әсерін тигізеді. Ал жаңа электробустар зиянды шығарындылар мен шу деңгейін азайтып, жолаушылар тасымалдауды қолайлы етіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімділікті арттырады.

Бұл – тек бір реттік шара емес, сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, көгалдандыру және облыста экологиялық бақылауды арттыруды қамтитын ұзақ мерзімді стратегия.

Өңірде өзге де бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлініп жатыр.

Облыс орталығында UEFA талаптарына сай 5000 орындық жабық футбол стадионының құрылысы жоспарланған. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, одан кейін бірден құрылыс жұмыстары басталады. Ал әзірге премьер-лига матчтарын өткізу үшін «Восток» стадионында дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында экологияны жақсарту, қалалық ортаны дамыту және спортты қолдау бағытындағы бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл өзекті мәселелерді шешіп қана қоймай, өңір тұрғындары үшін қолайлы әрі сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.