Жамбылда шаруаларға жер бермегендер жауапқа тартылды

Бүгін, 12:39 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысы Сарысу ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы орган тарапынан жер заңнамасының бұзылу фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заңнама талаптарына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелерін беру жөніндегі конкурс жылына кемінде екі рет өткізілуі тиіс.

Алайда 2024 жылдан бастап аудан әкімдігі аталған конкурстарды өткізуді негізсіз тоқтатып, фермер-кәсіпкерлердің құқықтарын шектеген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз тәжірибе тоқтатылып, конкурстарды өткізу қайта жандандырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 фермер-кәсіпкерлерге жалпы аумағы 4576 гектар жер учаскелері берілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тэгтер:

Жамбыл облысы жер телімі Жер учаскесі фермер