Парламенттегі AMANAT фракциясының депутаттары Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында моноқалалардағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтеріп, мемлекеттік өтемақы алатын елді мекендер санатына моноқалаларды да енгізуді ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Депутаттардың мәліметінше, бүгінде ауылдық жерлерге баратын медицина қызметкерлерін қолдау тетігі оң нәтиже беріп отыр. Мәселен, 2025 жылы 1326 жас дәрігер ауылдарға барып жұмысқа орналасып, әлеуметтік көмек алған. Соның ішінде 417 жас маман оқуын аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа кіріскен. Сонымен қатар 500-ден астам дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Жекелеген өңірлерде қолдау көлемі айтарлықтай жоғары. Мысалы, Жетісу облысында дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін көтерме төлем беріледі. Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында да осы бағыттағы жұмыстар күшейтілуде.
Алайда депутаттар қазіргі саясаттың кері әсері де бар екенін атап өтті. Олардың айтуынша, материалдық ынталандырудың нәтижесінде тәжірибелі дәрігерлер моноқалалардан ауылдарға ауысып жатыр. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптік өңірлердегі медициналық кадр тапшылығын ушықтыруда.
Қазіргі таңда Қазақстанда 20 моноқала бар, онда шамамен 1,4 млн адам тұрады. Депутаттар мұндай қалаларда халық денсаулығы ерекше бақылауды қажет ететінін, себебі олардың басым бөлігі ірі өндіріс ошақтарының маңында орналасқанын атап өтті.
Депутаттар аймақтарға барғанда еліміздің моноқала өкілдері мемлекеттен өтемақы алатын дәрігерлер санатына моноқалаларды да кіргізу жөнінде мәселе көтерді. Оның себебі, көптеген тәжірибелі дәрігерлер материалдық стимул болғандықтан моноқалалардан ауылдарға жұмысқа кетуде. Бүгінде Қазақстанда 20-моноқала бар, онда 1,4 млн адам тұрады. Тәжірибелі дәрігерлердің кету тенденциясы барлық моноқалаларға тән процесс, ал бұл моно қалалардың басым көпшілігі ірі өнеркәсіп ошақтарының айналасында тұрғандықтан, халқының денсаулығы әрдайым білікті дәрігерлік бақылауды талап етеді. Бүгін моно қала тұрғындары денсаулық сапасы жағынан AMANAT Фракциясы дәрігерлер көшіп барса, Мемлекеттен әлеуметтік өтемақы алатын елді мекендердің санатына моноқалаларды да кіргізу қажет деп есептейді. Бұл мәселе еліміздің 1,4-млн халқының денсаулығына қатысты болғандықтан, мәселені оң шешу маңызды, - деді депутат Ерлан Сайыров.
Осыған байланысты AMANAT фракциясы дәрігерлер көшіп барған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік өтемақы төленетін елді мекендер тізіміне моноқалаларды да енгізуді ұсынды.
Депутаттардың пікірінше, бұл шешім 1,4 млн тұрғынның сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді.