Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Бүгін, 11:24 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазіргі таңда Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін, 1 сәуірде ерлер құрамасынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконды айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Оразбек Асылқұлов ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамотомен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Орақбаева (51 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін) және Римма Волосенко (60 келіге дейін) жарыстағы өнерін аяқтаған болатын.

Тэгтер:

бокс Азия чемпионаты ширек финал Оразбек Асылқұлов