Президент өкімімен Мейіржан Байғонысов жаңа лауазымға тағайындалды

Бүгін, 11:16 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Мейіржан Байғонысов Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мейіржан Нұрбекұлы Байғонысов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламда.